Футбол жанкүйерлері мінген пойыз өртеніп кетті (видео)

20.10.2019 18:00

Үш адам жарақат алды

Sputnik

Берлинде ұзақ қашықтыққа жүретін пойыз өртке оранып үш адам зардап шекті. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Оқыс оқиға Берлиннің орталығындағы «Бельвю» станциясында болған. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.

«Пойыздың вагоны қатты зақымданған. Үш адам жарақат алды», - дейді құтқарушылар.

Berliner Morgenpost газетінің жазуынша, "Фрайбург" футбол клубының жанкүйерлері мінген вагон өртенген.