Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников ел билігін террористердің шетелдік студенттерді өз қатарына тарту әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдауға шақырды.
Бортников мәлімдегендей, Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер, сондай-ақ еңбек мигранттары экстремистердің нысанына айналып отыр, деп хабарлайды Sputnik.
"Мигранттар ортасында радикалды көңіл-күйдің таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, федералды атқарушы билік органдары басшыларының назарын аталған проблемаға аударып, мәселенің шешілуін жеке бақылауға алған жөн", - делінген ФҚҚ хабарламада.
Хабарланғандай, Ресейдің арнайы қызметтері лаңкестердің студенттер арасында үгіт-насихат жүргізуі тақырыбын алғаш рет көтеріп отыр.