Мемлекет басшысы Грузия Президентіне көңіл айтты

25.08.2020 18:05

Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

© Liter.kz / Советбек Магзумов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.