Коронавирус індеті қайта өршуде
Коронавирус індеті қайта өршуде. 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында қауіпті инфекцияны 850 мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 52% көп, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімет таратты. Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і көз жұмған. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қазір Италия жаһанда бірінші орында тұр. Бір ай ішінде бұл елде 510 азамат дүние салды. Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.Айта кетсек 21 желтоқсанда Қасиетті Луки атындағы ковид науқастарға арналған ауруханада төсек-орын жетіспей жатқаны хабарланған. Өткен айда Роспотребнадзор басшысы Анна Попова Ресей қатаң шектеу шараларын енгізуді қажет етпейтінін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: 24 желтоқсанға арналған валюта бағамы