Үй мысығы қожайынынан коронавирус жұқтырған

29.03.2020 18:24

Бұл өте сирек кездесетін оқиға

открытые источники

Бельгияда үй мысығынан COVID-19 вирусы табылды. Жануар оны қожайынынан жұқтырған болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі mir24.tv сайтына сілтеме жасап.

Мысықтың иесінен коронавирус белгілері бір апта бұрын байқалыпты, артынша жануар да вирус жұқтырып ауырып қалған.  

Мамандар мұндай жағдайдың сирек кездесетінін атап өтті. Коронавирустың жануардан адамға жұғу қаупі де өте төмен болады екен.  

Мамандар карантиннен жануарлардың да күйзеліске тап болатынын ескертеді.