|
07.11.2019 | 14:23
46042

"8 жасынан жарнамаға түскен": Қазақстаннан асырап алған қыз АҚШ-та актрисаға айналған

Сценарий бойынша ол алдағы уақытта таңғажайып күшке ие болатын көрінеді

"8 жасынан жарнамаға түскен": Қазақстаннан асырап алған қыз АҚШ-та актрисаға айналған

АҚШ-тық ата-аналар асырап алған қарағандылық қыз америкалық актрисаға айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы Стелла Смит «Қара найзағай» атты телехикаяға түскен. Ол 3 маусымда жарыққа шығатын Грейс есімді бойжеткеннің рөлін сомдапты. Сценарий бойынша ол алдағы уақытта таңғажайып күшке ие болатын көрінеді.

Бұл Стелланың кинодағы бірінші рөлі емес, ару жарнамаларға жиі түседі екен. Ал оның киноадғы  алғашқы рөлі «Қыз және оның зомбиі» атты фильмінен басталған.

Стелла – Либерти мен Лаура Смиттердің жалғыз қызы. Қазақстан соты нәрестені асырап алуға 2004 жылы рұқсат берген. Ол жастайынан модельдік бизнеске бет бұрып, актерлік шеберлігін шыңдау мақсатында арнайы курстарға қатысқан. 8 жасында жарнамаға алғаш рет түскен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир