Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған
Жұма күні таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге белгісіз біреу қастандық жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Либерал-демократиялық партияның бұрынғы басшысы жарақат алғаны хабарланып отыр.
Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан. Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған.
Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр ауруханаға жеткізілді.
Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол шамамен 40 жастағы ер адам.