Жеті қабаттық тұрғын үй құлап, бес адам қайтыс болды

09.10.2021 18:34

Оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр

ria.ru

Грузияның Батуми қаласында жеті қабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылып түсті. Адамдар мен үйдің жанында тұрған көліктер үйінді астында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша бес адам қаза болды. Үйінді астында тағы бірнеше бала бар.

«Құтқарушылар көз жұмған бесінші адамның мәйітін шығарды. Біздегі мәлімет бойынша ол кәмелетке толмаған»,– делінген жергілікті телеарнаның хабарламасында.

Оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Грузияның ішкі істер министрлігі ғимарат құлағаннан кейін бірінші қабаттағы пәтердің иесі мен онда жөндеу жүргізген екі жұмысшының ұсталғанын хабарлады. Олар қандай күдікке ілінгені әзірге белгісіз.