Лондонда қойылған Бэнкси граффитиі тал түсте ұрланды

Фото: инстаграм
Фото: инстаграм
Сегізбұрышты "STOP" жол белгісінің үстінде үш әскери дрон бейнеленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі ер адам стрит-арт суретші Бэнксидің жұмысын авторлығын растағаннан кейін бір сағат өттан соң ұрлап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Лондонның оңтүстігінде жаңа граффити пайда болғаны туралы жұма 12:00-де белгілі болды. Онда сегізбұрышты "STOP" жол белгісінің үстінде ұшып бара жатқан үш әскери дрон бейнеленген.

Бұзақылар Бэнкси авторлығын растағаннан кейін шамамен жарты сағаттан соң граффити тұрған жерге келген. Кетіп бара жатқан адамдар ұрлық үстінен түсіп, бейнероликті интернетке жүктеген.

Суретшінің туындылары талай мәрте аукциондарда жүз мыңдаған және миллиондаған долларға сатылған. Дегенмен Бэнксидің ұрланған жұмысын әлемге танымалдығы мен ұрлаудан туындаған резонанс салдарынан сату оңайға соқпайды.

Былтыр франциялық сот суретшінің 2015 жылғы париждік Bataclan концерт залындағы лаңкестік әрекет құрбандарына арнаған граффитиін ұрлағаны үшін сегіз адамды айыпты деп таныды.

Оқи отырыңыз: Шетелдік лаңкестерге қосылмақ болған ҚР азаматы әуежайда ұсталды




Новости партнеров