Көлік вице-министрі Талғат Ластаев "Air Astana" әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға тиісті алдын ала хабарламасыз "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты "Air Astana" АҚ жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылдың өткен кезеңінде "Air Astana" әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте "Air Astana" компаниясының ұшақтары "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстырылды, бұл - орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%.
Кеңес нәтижесінде "Air Astana" әуекомпаниясына келесі тапсырмалар берілді:
"Air Astana" әуе кемелерін "Fly Arystan" әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдасын;
ұшақтарды ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;
әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
"Air Astana" резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі өз кезегінде рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.
Оқи отырыңыз: Лондонда қойылған Бэнкси граффитиі тал түсте ұрланды