Индонезия жағалауында жойқын жер сілкінісі болды

03.11.2021 18:38

Жер сілкінісі ошағы 15,3 шақырым тереңдіке байқалған

elements.envato.com

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңіз айдынында 6,1 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Геология қызметі (USGS) мәліметі бойынша жер сілкінісі Сиболга қаласынан 286,4 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі ошағы 15,3 шақырым тереңдіке байқалған.

Эпицентрдегі толқындарға сәйкес, сейсмологтар бұл апатты "жойқын" деп бағалаған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түспеді. Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған жоқ.