Жыл басынан бері 15 мемлекетте 260 мың адам зардап шекті
Кедей елдерде тұратын 8 миллион балаға аштықтан ажал қаупі төніп тұр. Мұндай деректі БҰҰ жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 15 мемлекетте азық-түлік тапшылығы мен денсаулығы сыр берген 260 мың адам зардап шекті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының атқарушы директоры Кэтрин Расселдің мәлімдеуінше, қуаңшылыққа азық-түлік тапшылығы дағдарысын шешу үшін 1 миллирад доллар керек. Украинадағы жағдай мен байланысты азық-түлік бағасының аспандауы жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді.