Оқиға 17 шілдеде шамамен жергілікті уақыт бойынша 12:00 кезінде болған
Лас-Вегас әуежайында екі ұшақ соқтығысты, соның салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 17 шілдеде шамамен жергілікті уақыт бойынша 12:00 кезінде болған. Федералды азаматтық авиация басқармасының алдын ала мәліметі бойынша, бірмоторлы Piper PA-46 ұшағы қонуға бағыт алған кезде тағы бір бірмоторлы Cessna 172 лайнерімен соқтығысқан. Екі ұшақтың да бортында екі адамнан болған.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.