Мұндай арсыз әрекетке барған 14 пен 18 жас аралығындағы жергілікті жасөспірімдер болып шықты
Тергеу барысында құқық қорғаушылар 70 жастағы кейуананың үйіне түнгі 02.00 шамасында 4 бозбаланың кіріп барғаны анықталды. Олар әжелерімен жасты адамды қорқытып-үркітіп, оны жыныстық қатынасқа көндірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 24 арнаға сілтеме жасап.
Запорожье облысының тұрғыны есін жиған бойда бірден полицияға хабарлаған. Құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған.
Оқыс оқиға Запорожье облысының Каменка-Днепр қаласында болған, деп хабарлайды полиция. Патрульдік полиция қызметкерлері екі қылмыскерді бірден анықтады. Ал қалған екеуінің жасырынған жерін қылмыстық полиция тапқан. Арам ниетті жүзеге асырушылардың 14 пен 18 жас аралығындағы жергілікті жасөспірімдер екені белгілі болды.