26 наурызда АҚШ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орынға шықты. Олар бір күнде Қытай мен Италиядан озып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді. Кеше кешкі мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны 82 мың 400 адамнан асқан. Қытайда 81 мың 800, Италияда 80 мың 500 адам вирус жұқтырған.
Дональд Трамп 26 наурызда Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында АҚШ-тың коронавирус жұқтырғандар арасында бірінші орынға шығуына жаппай сынама жасау себеп болғанын айтты. Ал, індеттен көз жұмғандардың ең көбі Италияда. Онда 8 мың 215 адам бақилық болған. Ал, Испанияда 4365, Қытайда 3287, АҚШ-та 1178 адам короновирус індетінен жан тапсырған. Жалпы әлем бойынша қазіргі таңда 530 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырса, оның 24 187-сі өліп, 120 мыңға жуығы жазылып шыққан.