Вирус анықталған азаматтар екі апта карантинде жатады.
Франция премьер-министрі Жан Кастекс Францияға төмендегі 16 елден ұшып келгендердің міндетті түрде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ, Бразилия, Алжир, Бахрейн, Израиль, Үндістан, ОАР, Кувейт, Катар, БАӘ, Оман, Панама, Перу, Сербия, Түркия және Мадагаскар. Бұл елдерден Францияға туристердің келуіне тыйым салынған.
Премьер-министрдің айтуынша, осы тізімдегі елдерден келген француздар мен Францияда тұратын осы елдің азаматтары талдау тапсыратынын түсіндірді. Вирус анықталған азаматтар екі апта карантинде жатады.