Түркияның Элязыг провинциясында болған магнитудасы – 6,8 балдық жер сілкінісі тұрғындардың үрейін ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
Сивридже ауданының көптеген тұрғындары түнді спорт кешендері, саябақтар, бақ пен конференц-залдарда өткізді. Элязыг провинциясы Жастар және спорт басқармасы жанындағы Якупа Кылыч атындағы спорт кешеніндегі адамдар тамақпен және сусынмен қамтамасыз етілді.
24 қаңтар күні Түркияның шығысында жергілікті уақытпен 20:55-те магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты. Жерасты дүмпуінің ошағы Сивридже уезінің Элязыг провинциясында орналасқан. Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, зілзаладан кейін магнитудасы 2,7-5,4 балдық 60 афтершок тіркелген. Жерасты дүмпуі Эльязыг маңындағы провинциялар (Адана, Хатай, Османие, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери) мен Сирияның солтүстігінде байқалған.