Үндістанда аптап ыстықтан 100-ге жуық адам қаза тапты

19.06.2023 19:16

Қайтыс болғандардың көбі 60-тан асқан адам

pixabay

Үндістанда бірнеше күннің ішінде аптап ыстықтан 100-ге жуық адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық көп шоғырланған Уттар-Прадеш және Бихар штаттарында ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріліп, салдарынан 96 адам көз жұмған. Жергілікті билік өкілдері қаза тапқандардың көбі 60-тан асқан және асқынған ауруы бар азаматтар екенін айтады. Одан бөлек, 3 күннің ішінде 300-ге жуық тұрғын жергілікті ауруханаға келіп, жедел медициналық көмекке жүгінген.