Аю зоопарк қызметкерін мерт қылды
dzen.ru
Оқиға 3 қаңтар күні 16:00 шамасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өзбекстандағы Әндіжан облысында аю өзін тамақтандыруға келген зоопарк қызметкерін тістеп алған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 3 қаңтар күні 16:00 шамасында болған. Зоопарк қызметкері аюды тамақтандырмақ болып, оның торына кірген. Жануар оны бас салып, мойнынан тістеп алады. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қожаабат аудандық ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот – медициналық сараптама тағайындалды.
2018 жылдың желтоқсанында дәл осы хайуанаттар бағында күзетшіге екі арыстан шабуыл жасаған болатын. Зоопарк ол кезде әлі ресми түрде ашылмаған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59