Ресейде орманда ағаш кесушіні жолбарыс жеп кетті

23.08.2021 19:21

Қазір оқыс оқиға болған жерге аңшылар тобы жіберілді

Depositphotos

Хабаровск өлкесінің Нанай ауданындағы ауылдың бірінде ағаш кесумен айналысатын адамға амур жолбарысы шабуыл жасаған. Бұл туралы ТАСС-қа Маяк ауылың әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Арсеньево ауылының орман алқабында адамдар түнеп жатқан вагоннан 10-15 метр қашықта жергілікті тұрғын мерт болды», – деп мәлімдеді әкімдіктен.

41 жастағы Михаил вахтаға 15 күнге ағаш кесуге келген. Ер адам түнде вагоннан шығып, жоғалып кеткен. Таңертең оның қалта шамы, аяқ киімі және жерге шашыраған қаны табылған.

«Сонымен қатар, ол жерден жолбарыстың ізі мен адамды орманға сүйреп кеткен із анықталды», – деді әкімдіктегілер.

Қазір оқыс оқиға болған жерге аңшылар тобы жіберілді.