Қазандағы мектепте болған атыстан 12 адам қайтыс болды

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru
12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің Қазан қаласында болған мектептегі қайғылы оқиғадан кейін 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бұл туралы ел президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Қазан қаласының Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын. Куәгерлер түсірген суреттер мен видеоны әлеуметтік желіде жариялаған. Онда балалар үшінші қабаттағы терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

Видеодан атыс жаңғырығы да естіледі. Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Соңғы мәліметтер бойынша 12 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам зардап шеккен.

«Лаңкес ұсталды. 19 жаста екен. Оның атында ресми түрде қару тіркелген. Сыбайластарын әзірге тапқан жоқпыз. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған бар күшімізді салдық. Әрине, қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыына көмек көрсетеміз», – деді Татарстан президенті Рустам Минниханов.

Новости партнеров