Жатақхана өртеніп, 11 адам қаза тапты

21.01.2020 19:27

Қаза болғандардың дені – Өзбекстан азаматтары

Rueconomics.ru

Ресей Федерациясы Томск облысы Асинов ауданы Причулымский кентіндегі бір қабатты ағаш үйден шыққан өрт салдарынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды baq.kz Ресей ТЖМ аймақтық басшысының сайтына сілтеме жасап.

Өрт туралы ақпарат таңғы 04:05 келіп түскен, тілсіз жау 208 шаршы метр алаңға тараған. Тілсіз жаумен күреске 19 адам және 6 техника жұмылдырылды.

Өрт 06:35-да сөндірілді. Ғимараттан 11 адамның денесі табылды, ал 3 адам өрт құрсауынан қашып үлгерген.

Аймақтың шұғыл қызметінің мәліметі бойынша, жанып кеткен ағаш үй "Гринвуд" ЖШҚ орман дайындау компаниясына тиесілі, онда 12 қызметкер тұратын жатақхана болған. Қаза болғандардың дені – Өзбекстан азаматтары.