Ауғанстанда мина қойылған көлік жарылды
7 полицей қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Газни қаласында болған жарылыстан жеті полицей қаза тауып, тағы 15 қызметкер жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 8 тамыз күні кешке болған. Қоғамдық қорғаныс күштері бөлімшесінің жанында мина қойылған көлік жарылған. Жарылыстан кейін бірден бөлімшеге шабуыл жасалған. Бірақ шабуылдаушылар көп ұзамай жойылды. Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Тарик Ариан жарақат алғандар Кабулға тікұшақпен жеткізілгенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Әзірге ешқандай террористік топ шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31