Табиғат апаты бес елде болған
Орталық Еуропада «Борис» циклоны тудырған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Табиғи апат Австрия, Венгрия, Польша, Румыния және Словакияда болған.
Кейбір өңірде ауа райы тұрақталғанымен, өзендер әлі де тасып жатыр. Польша полициясының мәліметінше, елдегі құрбандардың жалпы саны жетіге жеткен. Сондай-ақ Австрияда бес адам, Румынияда жеті, Чехияда үш адам қайтыс болды.
Агенттік хабарлауынша, сейсенбі күні 26 австриялық елдімекен электр қуатынсыз, Чехияда 60 мыңнан астам үй жарықсыз отыр.
Оқи отырыңыз: Вьетнамда Яги тайфунынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті