Ауыр халде жатқан науқастардың саны шамамен 130-ға жетеді
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастардың саны 11 есеге өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Telegram-дағы "Вся Корея" парақшасында айтылды.
Дереккөз мәліметінше, науқастардың саны 18 тамыздан бері санағанда 9 адамнан 104 адамға дейін өскен. Ал бүгінде елде жаңа 235 жағдай тіркелген.
Денсаулық сақтау органдарының болжамынша, қыркүйек айының басында елде коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастардың саны шамамен 130-ға жетеді.
Табиғи апаттармен күрес жөніндегі орталық штаб 14 қыркүйекке дейін тағы 40 аурухана төсегін қосуды және пациенттерді басқа палаталарға көбірек орын беру үшін жеңіл түрде ауыстыруды жоспарлап отыр.