Байқоңырдан ресейлік «Арктика М» спутнигі ұшырылды

Фото: rbth.com
Фото: rbth.com
Оның салмағы – 2.2 тонна, қызмет ету мерзімі – жеті жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Байқоңырдан «Арктика-М» спутнигімен «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл – Арктикадағы климат пен қоршаған ортаны бақылауға, зерттеуге арналған алғашқы ресейлік ғарыш кемесі. Оның салмағы – 2.2 тонна, қызмет ету мерзімі  жеті жыл.

Ол Метеорология, Гидрология, Агрометеорология мәселелерін шешуді қарастырады. Өнім көрінетін және инфрақызыл диапазондарда бұлт пен жер бетінің көп спектрлі суреттерін жасайтын екі көп аймақты сканерлеу құрылғыларымен (MSU-GS) жабдықталған.

Сондай ақ, зымыранда күннің тұтану белсенділігі мен жер маңындағы ғарыш кеңістігіндегі радиациялық жағдайды бақылау және болжау үшін гелиогеофизикалық аппараттық кешен (ГГАК-ВЭ), метеоақпаратты және халықаралық ғарыштық іздестіру-құтқару жүйесінің авариялық радиобуяларынан сигналдарды ретрансляциялауға арналған аппаратура орнатылды.

Ресейдің Арктикадағы орбиталық бақылау тобы осындай екі спутниктен тұрады. Бұл жер беті мен Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздерін тәулік бойы ауа-райының бақылауын қамтамасыз етеді.

Екінші «Арктика-М» зымыранын ұшыру 2023 жылы, тағы үш спутникті 2024-2025 жылдары ұшыру жоспарланған. 2025 жылдан кейін олардың орнына Арктика-МП жаңа буынының бес спутнигі жіберілмек.

Новости партнеров