Англияда бассейн мен фитнес-клубтар ашылады Англияда сенбіден бастап жабық бассейндер, фитнес-клубтар мен спорт объектілері ашылады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, спортзалдардың үштен бірі шығынға ұшырағандықтан жұмысын жандандыра алмай отыр. Ашылған спорт объектілері санитария ережелерін қатаң сақтауға міндеттеледі. Англияда ашық аспан астындағы спорт объектілері 4 шілдеден бастап жұмыс істеп жатыр. Жаттығу залдары Солтүстік Ирландияда ашылған, ал Уэльс пен Шотландияда олар бұрынғыша жабық тұр.
Британия билігі ел тұрғындарына артық салмақ Covid-19-дың күрделі өтуіне себеп болатынын тағы да ескертті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, семіздікпен ауыратын науқастардың Covid-19-дан қайтыс болу қаупі артық салмағы жоқтармен салыстырғанда 40%-ға артық.