Күдікті біраз уақыт бұрын қызға құда түскен «күйеу жігіт» екенін анықталды
Якутияда жас жігіт жасөспірім қызды ұрламақ болған. Көп ұзамай күдікті ұсталып, оның сол қызға құда түспек болған жігіт екендігі анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ren TV-ге сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің Саха Республикасы (Якутия) баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға 28 қаңтарда таңертең болған. Жігіт өзінің көлігімен қызды ұрлап әкеткен. 17 жастағы қыздың анасы қызының дүкенге кетіп, біраз уақытқа кешіккенін айтып, полицияға жүгінген.
«Бойжеткен қыздың анасы полицияға бұған дейін олардың отбасына танымайтын жігіт келіп, қызына үйленуге ниет білдіргенін айтты. Алайда қыздың ата-анасы келісім бермеген. Себебі, бойжеткен әлі кәмелеттік жасқа толмаған», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары «ұрлықшының» бір ай бұрын Нерюнгриге келген Сахалин облысының 21 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Ол содан бері жалдамалы пәтерде тұрған.
Полиция қызметкерлері аталған жекенжайға барып, қызды сол жерден тапқан. Алайда «күйеу жігіт» полиция қызметкерлеріне бағынғысы келмеген.