Колумбияда ұшақ апатынан тірі қалған төрт бала 17 күннен кейін табылды. Олар джунглидің арасынан шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Cessna 206 ұшағы 1 мамырда апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ апатынан соң жоғалып кеткен балалардың тірі табылғанын ел президенті Густаво Петро хабарлады.
«Біздің Қарулы күштеріміз жүргізген ауыр ізденістен кейін Гуавьярдағы ұшақ апатынан соң хабар-ошарсыз кеткен төрт баланы тірідей таптық. Бұл – еліміз үшін қуанышты жаңалық», - деп жазды Петро.
Айта кетсек, апат алдында Cessna 206 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шығып, экипажы орталыққа апаттық дабыл берген. Құтқарушылар ұшақтың қалдығын 370 сағаттан астам уақыт іздеген соң бір-ақ тапқан. Ұшақ бортында ұшқыштың ғана денесі жатқан.
Ал арада екі аптадан астам уақыт өткенде орманнан ересек үш жолаушының денесі табылған еді. Бортта ұшқыштан бөлек, 7 жолаушы болған. Олардың төртеуі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар.