Дағыстанда екі қыз шатқалдағы әткеншектен құзға құлап кетті
Зардап шеккендер ауыр жарақат алмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дағыстанда екі қыз шатқалдағы әткеншектен құзға құлап кетті. Сулак каньонында орын алған жазатайым оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазбада бойжеткендердің шатқал шетінде орнатылған әткеншекте отырғанын және оларды артынан ер адамның итеріп тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv
Алайда, қас қағым сәтте әткеншекті ұстап тұрған шынжыр үзіліп, 2 қыз құзға құлап кетеді. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, зардап шеккендер ауыр жарақат алмаған. Қазіргі уақытта Дағыстанның Ішкі істер министрлігі "аттракцион" енді жұмыс істемейтінін және оны бұзу туралы шешім қабылданатынын хабарлап, прокуратура тексеріс шараларын бастады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06