Қытайда химиялық зауытта жарылыс болды

azh.kz
azh.kz
Барлық қызметкерлер мен зауыттың маңайындағы адамдар эвакуацияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Цзянси провинциясындағы химиялық зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, 1 шілде таңғы сағат 10:30 шамасында Цзянси провинциясы Гуйси қаласының өрт-құтқару командалық орталығына «Цзянси Циантай жаңа материал» ЖШС өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Хабарлама түскеннен кейін Гуйси қалалық өрт сөндіру бригадасы, төтенше жағдайлар және басқа да тиісті бөлімшелер оқиға орнына аттанды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға бар күш-жігерін салып жатыр, жағдай бақылауға алынды.

Барлық қызметкерлер мен зауыттың маңайындағы адамдар эвакуацияланды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Новости партнеров