Шолақ мылтықпен атқан: мегаполисте адам өлтірді деген күдікті ұсталды
egovpress/telegram
Оқиға 30 маусым күні болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы полициясы адамды атып өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін телеграм-арналарда 2023 жылы 30 маусымда Алматы қаласындағы Байзақов көшесінде ер адам оқ тиіп, қаза болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейін полицейлер басқа адам өлтіру дерегі үшін халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.
Алматы полициясы бұл ақпаратты растады.
"Алматы Полиция департаменті бейтаныс адамды аңшылық шолақ мылтықтан атып өлтірген 1991 жылы туған И. ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынғанын хабарлады. Қылмыстың алдын ала себебі - кенеттен туындаған жанжал. Басқа мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37