100-ден астам адам қаза тауып, 600-ге жуық азамат жапа шеккен
Таяу Шығыста жағдай үдей түсті. Енді Израильге Ливан зымырандарын жаудырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аль-Калиля елді мекенінен Израильге қарай «Град» классындағы ракеталар атылған. Бұған дейін Ливанның оңтүстігінен үш зымыран жіберілген. Соңғы мәліметтерге сенсек, Израиль тарапы жасаған шабуылдардан 100-ден астам адам қаза тауып, 600-ге жуық азамат жапа шеккен. Соған қарамастан Израильдің қорғаныс министрлігі палестиналықтармен шайқасқа запастағы 9 мың жауынгерді тез арада шығаруды мақұлдады.