McDonald's бас директоры жанжалдан кейін қызметінен кетті

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Бүгінде әлемнің 100-ден астам елінде McDonald's-дың 40 мыңға жуық мейрамханасы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Стив Истербрук қоластындағы қызметкермен байланысы үшін McDonald's жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің бас директоры және президенті лауазымынан кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz компания өкілдеріне слітеме жасап.  

McDonald's директорлар кеңесінің ойынша, қызметкермен қарым-қатынаста болған 52 жастағы Истербрук компанияның саясатын бұзған. Истербрук болса мұның қателік болғанын айтты.  

"Компанияның қағидаларын ескере отырып, мен директорлар кеңесінің пікірімен келісемін, маған да алға жылжитын уақыт келді", - деді ол.

Стив Истербруктің орнына Крис Кемпински келген, ол жексенбіде директорлар кеңесінің құрамына кірді. Осыған дейін McDonald's жаңа президенті мен бас директоры компанияның АҚШ-тағы бөлімшесін басқарды.

Еске салайық, 1940 жылы құрылған McDonald's америкалық корпорациясы әлемдегі ең ірі жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің бірі. Бүгінде әлемнің 100-ден аса елінде 38 мыңнан аса мейрамханасы бар.

Новости партнеров