Прагада Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Франция Президенті Эммануэль Макрон, Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуінен кейін мәлімдеме қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Армения мен Әзербайжан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және 1991 жылғы Алматы декларациясына адалдығын тағы көрсете отырып, бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайды», - делінген Елисей сарайының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Тараптар бұл делимитация жөніндегі комиссия қызметінің негізі болып табылатынын және келесі отырыс қазан айының соңында Брюссельде өтуі тиіс екенін айтты.
«Армения Әзербайжанмен шекарасына ЕО-ның азаматтық миссиясын жіберуге, ал Әзербайжан бұл комиссиямен ынтымақтасуға келісті. Миссия өз жұмысын қазан айында бастап, 2 ай ішінде аяқтайды», - деп толықтырылған мәлімдеме мәтінінде.