Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекара туралы келісімге келді

 ҚазАқпарат/ Александр Павский
ҚазАқпарат/ Александр Павский
Мемлекет басшыларының келесі кездесуі Тәжікстанда өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баткен қаласында Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегацияларының топографиялық жұмыс топтары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 43,32 шақырымы жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, келісімге сәйкес, 2023 жылғы 3-8 қазан аралығында Қырғыз Республикасының Баткен облысының Баткен қаласында топографиялық жұмыс тобы мен қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегацияларының құқықтық мәселелері бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуі өтті.

Достық пен өзара түсіністік жағдайында өткен кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. Тараптар келесі кездесуде қалған бағыттарды сипаттау жұмысын жалғастырады, бұл кездесу Тәжікстанда өтеді.

Оқи отырыңыз: Президент елордадағы жылу нысандарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды

Новости партнеров