7 адам суға секіріп аман қалған
АҚШ-тың Алабама штатында 35 қайық өртеніп, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, өрт адамдар ұйықтап жатқанда тұтанған. 7 адам суға секіріп аман қалған. Құтқарушылар суда әлі де іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Өрттің неден туындағаны белгісіз. Жалын Тенниси өзенінде тұрған 35 қайықты шарпып, оның 7-еуі суға батып кеткен. Қаза тапқандардың аты-жөні белгісіз»,- деп жазады басылым.
Алабама штатындағы Скоттсборо қаласында 14 мың адам тұрады. Қала билігі өрт шығыны және тексеру жұмыстары 3-4 күнге созылатынын айтты.