Бішкектің орталығында үш жойқын жарылыс болды. Бұл туралы zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта оқыс оқиға орнында үш өрт сөндіру тобы жұмыс істеп жатыр.
«8 қарашада сағат 13.42 шамасында қашықтан басқару пультіне 101 қоңырау келіп келді. Өрт сөндірушілерден бөлек ол арада ТЖМ өртті сөндіруге арналған штаб қызметкерлері де жүр», - деп толықтырды департаменттегілер.
View this post on InstagramA post shared by Авто Рынок (@avto_bishkek312) onNov 8, 2019 at 12:37am PST
Sputnik хабарлағандай, өрттен кем дегенде екі адам зардап шеккен. Бішкектегі жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің екі бригадасы жарылыс орнына аттанған. Екі зардап шеккен адамға көмек көрсетілді. Өрт болған жерде тағы бір дәрігерлер тобы жұмыс істеп жатыр.