Марқұм Ресейге Қазақстанның астанасынан барған екен
Мәскеу орталығында сұлулық салоның қызметкері жұмыс істеп жатып қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Күзет қызметкері дәретханаға кіріп, 53 жастағы ер адамның мәйітін көрді. Марқұм сұлулық салонында стилист болып жұмыс істеген.
«Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Стилистің жүрегі тоқтап қалды деген болжам бар», — деп жазды басылым.
Ол Ресейге Қазақстанның астанасынан барған. Марқұмның уақытша тіркеуі болған екен.