Қылмыскер түрмеден қашу үшін "қызға" айналып кетті (видео)
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында заңсыз есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топ басшысы түрмеден қашу үшін қыз болып киініп алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
The Guardian хабарлауынша, Клаувино да Сильва бетіне силикон маска тағып, жасанды шашпен түрмеден қашпақ болған. Жоспарын жүзеге асыру үшін ол өзінің қызының киімін киіп алыпты, деп хабарлайды Sputnik.
Алайда қылмыскер өте қатты қобалжыған. Мұны полицейлер бірден байқап қалыпты.
Қазір тәртіп сақшылары бұл жоспарға қылмыскердің қызының қандай қатысы болғанын анықтап жатыр. Әкесі қашып кеткен кезде қыз түрмеде қалады деген жоспар болуы мүмкін.
Клаувино да Сильва Бразилиядағы "Қызыл команда" деп аталатын аса ірі қылмыстық топты басқарған. Бұл топ 2005 жылы Рио-де-Жанейроның аса қауіпті аудандарының 53 процентін бақылауына алды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48