|
20.01.2022 | 15:08
935

Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

Оның ұзындығы шамамен 170 км және ені 25 км болады

Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр  Фото: ашық дереккөзден

Антарктидадағы Уэдделла теңізінде Ронне мұздығының батыс жағында түзілген алып айсберг бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Бұл туралы Еуропалық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«А-76 деп аталатын айсбергтің ауданы шамамен 4320 шаршы км құрайды. Ол қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен айсберг болып саналады», — делінген хабарламада. 

ЕҒА мәліметі бойынша, айсбергтің ұзындығы шамамен 170 км және ені 25 км, бұл Майорка аралынан сәл үлкен. Баспасөз қызметі бұған дейін әлемдегі ең үлкен айсберг А-23А болғанын, оның ауданы шамамен 3880 шаршы км екендігін атап өтті, ол да Уэдделла теңізінде орналасқан. Агенттік айсбергті британдық антарктикалық зерттеу қызметі анықтағанын айтты және суреттерді Copernicus Sentinel-1.спутниктік тобы түсірген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир