Тайвань тұрғыны жұбайы кеудесін екінші рет үлкейтуден бас тартқаны үшін оны және екі баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсады.
Daily Mail басылымының мәліметінше, Пэн Хуэй-я 32 жастағы күйеуі Ву Мэн-юдің өтініші бойынша кеудесін ұлғайтқан. 2018 жылдың қараша айынан бастап олардың қарым-қатынасы нашарлап, біраз уақыт бөлек тұруды ұйғарады, деп жазады Stan.kz.
Олардың үлкен баласының сөзінше, әкесі анасынан тағы да ота жасатып, денесін мінсіз етуін сұраған. Алайда 34 жастағы Хуэй-я сырт келбетін өзгертуге қарсы болып, ажырасатынын айтыпты. Марқұмның отбасы оны және балаларын ажырасудың мән-жайын талқылау үшін күйеуімен сөйлесуге бара жатқанда соңғы рет көрген.
Полиция 4 адамның денесін таксидың салонынан тапты. Көлікті Мэн-ю өз әкесінен сұрап алған екен. Қолы байланған әйел көліктің алдыңғы жағында отырған, ал екі баласы артқы жағында ес-түссіз жатыпты.
Құқық қорғаушылар оқиғаға қатысты екі нұсқаны алға тартып отыр.
Ер адам өз отбасын көліктің ішінде иіс газымен улап өлтірген болуы мүмкін. Көліктің жүргізуші отыратын жағынан күл толып қалған пештің табылуы осыны айғақтайтындай. Ал екінші бейресми нұсқа бойынша, Мэн-ю тамаққа улы зат қосып, осылайша отбасын улап өлтірген. Полиция бұл нұсқаны да қарап жатыр.
Себебі көліктен «Макдональдстан» тамаққа берілген тапсырыстың чегі табылды.