Атамбаев өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Атамбаевқа тағылған жаңа айыптарға нақты баға беруге дайын емес - Қарасартова
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев кісі өлтіргені және басқа да аса ауыр қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды tengrinews.kz.

«Атамбаевтың жасаған аса ауыр қылмыстарына өмір бойы қамауға алу туралы шешім шығуы мүмкін екенін түсіну үшін заңгер болудың керегі жоқ», - деді құқық қорғаушысы Рита Қарасартова.

Оның айтуынша, ол әлі Атамбаевқа тағылған жаңа айыптарға нақты баға беруге дайын емес, себебі олардың негізі бар екенін тергеу мен сот дәлелдеуі тиіс.

«Алайда, біз қазір билік пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан қысым ғана болып жатқанын көріп отырмыз. Телеарналар жабылып, қақтығыс болған Қой-Таш ауылының тұрғындарын себепсіз қамап жатыр. Мұның барлығын Атамбаев өзі президент кезінде бастады. Ол қазір өзі бастаған саясаттың салдарын көріп жатыр», - деді ол.

Новости партнеров