|
13.08.2019 | 15:36
2069

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына көңіл айтты

Президент РК выразил соболезнования семьям и близким сотрудников ООН в Ливии, погибших в результате взрыва в Бенгази

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына көңіл айтты фото из открытых источников

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Бенгазидегі жарылыс салдарынан қаза тапқан БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясы қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

"Бұл зұлымдыққа толы лаңкестік шабуыл ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптейтін қасиетті мұсылман мерекесі - Құрбан айт қарсаңында жасалғаны аса жан түршігерлік жағдай болып табылады. Әлемдік қауымдастықтың зорлық-зомбылыққа қарсы бірлескен және батыл күреске шақыратын үндеуін берік қолдай отырып, Қазақстан лаңкестіктің ешқандай түрі мен көрінісін қабылдамайды. Біз БҰҰ қызметкерлерінің жаһандық ұйымның игі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы қызметін жоғары бағалаймыз", - делінген жеделхатта.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир