Коронавирус: Еуропада жағдай күрделене түсті

Фото: AP
Фото: AP
Тәулік ішінде вирус жұқтырған адамдардың саны 1700-ге жуықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Франция денсаулық сақтау министрлігі елде ауру жұқтырған адамдардың соңғы 24 сағатта тіркелген санына байланысты «жұқтырудың бұрын болмаған өсімі» деген сипаттама берді. Тәулік ішінде вирус жұқтырған адамдардың саны 1700-ге жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Барлық курорттық қалаларда міндетті түрде маска тағу талап етілген, Париж мэриясы да осыған ұқсас шешім қабылдауы тиіс, себебі тұрғындар арасында атақты кварталдар мен Сена жағалауында әлеуметтік қашықтық сақталмай отыр. 

Оған көршілес Испанияның да жағдайы ұқсас: мұндағы ауру жұқтырған адамдардың саны да бірдей, бұл екі ай бұрын оқшаулау шараларын алып тастау кезінен бергі рекордтық сан. Британия өткен аптада Испаниядан қайтып келушілер үшін міндетті карантин енгізген. 

Шотландияның Абердин қаласының тұрғындары үшін де екі аптаға созылатын карантин енгізілді. Германияда індет жұқтырған адамдардың саны 214 мыңнан асқан, федералдық үкімет инфекция таралуының жоғары деңгейі бар елдерден қайтып оралған саяхатшылардың барлығын вирусқа анализ тапсыруды міндеттеді. Бұдан басқа, ел билігі тұрғындарды Антверпен қаласында COVID-19 індетінің жоғары ошағы пайда болған Бельгияға сапар жасаудан бас тартуды сұрайды.

Новости партнеров