Жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысты
ашық дереккөз
Оқыс оқиға Гольцовка стансасының маңында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің Пенза облысы Лунин ауданындағы өткелде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан локомотив пен үш вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға бүгін Гольцовка стансасының маңында сағат 5:40 шамасында болған.
«Дабыл жүйесімен жабдықталған теміржол өткелінде №116 жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Пойызда 336 жолаушы, оның ішінде 34 бала болды. Салдарынан локомотив, үш вагон рельстен шығып кетті. Теміржол рельстері майысып қалды», – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30