Неміс ғалымдары коронавирустың 3-толқыны болатынын айтып дабыл қағуда

06.05.2020 20:50

Олардың пікірінше, инфекция халықтың 70 пайызына тарап барып, беті қайтады

dw.com/Imago/R.Zensen

Ғалымдар коронавирустың 2-толқыны, тіпті 3-толқыны болатынын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың пікірінше, инфекция халықтың 70 пайызына тарап барып, беті қайтады. Роберт Кох атындағы неміс институтының жетекшісі Лотар Вилер осындай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, адамдар әлеуметтік ара қашықтықты күнделікті тәжірибеге айналдыру керек. Сонда дерттің таралуына тосқауыл қоюға болады. Вилердің айтуынша, Германия жаңа толқынға сақадай сай. Еске салайық, осы күні Германияда аталған ауруды жұқтырғандар саны 163 мыңнан асты. 7 мыңға жуық адам вирустың құрбаны болған.