Әскери тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар
inform.kz
Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады.
30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы «Бибиэйбат» авицаиялық полигонында оқу-жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.
Тікұшақ экипажы мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратураның басшылық құрамы жүр. Осы жағдайға байланысты бірлескен тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
24 қыркүйекке арналған валюта бағамы
24.09.2026 07:50
Болашаққа ұмтылған Алматы: жаңа орталықтар мен инфрақұрылым
24.09.2026 18:36
Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы ашылды
24.09.2026 11:11
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
25.09.2026 14:37