|
30.11.2021 | 17:12
4207

Ақтөбеде гараждың ішінен 2 адамның денесі табылды

Алдын ала болжам бойынша қала тұрғындары автокөліктегі газға тұншығып қалуы мүмкін

Ақтөбеде гараждың ішінен 2 адамның денесі табылды mensdrive.ru

Ақтөбеде гараждардың бірінде 2 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша қала тұрғындары автокөліктегі газға тұншығып қалуы мүмкін.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Мамандар газ бен көміртегі тотығының түсі де, иісі де сезілмейтіндіктен, алғашында айтарлықтай әсері болмайтынын, тек ағзаға енгеннен кейін адам улана бастайтынын айтады. Сол себепті қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  

«50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша көмірқышқыл газымен улану нәтижесінде көз жұмғаны анықталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», – деді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир