Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ден астам адам қайтыс болды

28.06.2024 20:22

Карачи қалалық мәйітханасына күн сайын 30-40 мәйіт түседі

elements.envato.com

Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қаладағы ауа температурасы 40°С-тан асып кеткен.

Елдегі ең ірі жедел жәрдем қызметін басқаратын Эдхи қорының басшысы Фейсал Эдхи жедел жәрдем көліктері аптаның басында ыстықтан зардап шеккендердің денелерін мәйітханаларға жеткізге бастағанын айтады.

«Әдетте, Карачи қалалық мәйітханасына күн сайын 30-40 мәйіт түседі. Бірақ соңғы алты күнде олардың саны 568-ге жетті. Тек сейсенбіде 141 адамның денесі жеткізілген. Олардың көпшілігі қаланың әр ауданынан әкелінген», – деп хабарлады Фейсал Эдхи.